Қаражал қаласының білім бөлімінің сайтына қош келдіңіздер!

Мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру;

Ағымдағы жылдың 9- желтоқсан күні Қаражал қаласының мектептерінде Халықаралық сыбайлас жемқорлық күніне орай «Парасаттылық сағаттары» өтті. «Парасаттылық сағаттары» аясында сынып сағаттары, дөңгелек үстелдер, тренингтер, ата-аналар және мұғалімдер арасында семинар-тренингтер ұйымдастырылды.

5-11 сынып оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Сыбайлас жемқорлық және қоғам»,  «Жемқорлықсыз ел-гүлденген ел», «Адалдық пен адамдық», «Зачем человеку быть честным?», «Правда и ложь», «Что такое коррупция?» тақырыптарында сынып сағаттары өтті.